Қазақстан тарихы - Блог - Фильмы и сериалы в хорошем качестве [Megaline/Beeline]
Главная » Қазақстан тарихы


Мазмұны



ДАЛА ПАДИШАСЫНЫҢ ҚАН МАЙДАНЫ

Ерлік әнін тудырған. Повесть

Тоқтардың Төлегені

Саяси жетекші

Батыр туралы ән

Жұлдызыңа сен. Повесть

Барлаушы Айтықов

«Жұлдызды»түн

Барлауда

Сталинградта

Госпитапьда

Батальон комсоргі

Тағы да Сталинград

Курск шайқасы

Невель маңында

Прибалтика үшін шайқас



Серікқазы батыр. Әңгіме



ЖАУЫНГЕРЛІК БАРЛАУ

Барлаушы Қабыш Мусин. Повесть

Арнайы барлау тобында. Әңгіме

Қызыл Жұлдыз ордені. Әңгіме



АСПАНДАҒЫ АЙҚАСТАР

«ПЕ-2» ұшағының қазақ экипажы. Повесть

Байтұрсын

Қадес

Төлебай

«ПЕ-2»-нің экипажы

«Нормандия» авиадивизиясының механигі. Әңгіме



АСПАНДЫ ҚОРҒАҒАНДАР

Зенитшілер. Повесть


АДАМ ЖАНЫН ҚОРҒАУДА

Әскери дәрігер. Әңгіме


Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 124 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (2)

Есім хан

Қасым ханнан соң қазақ мемлекеттігін жандандыра түскен Хақназар хан мен Тәуекел ханның қызметі Сырдың орта ағысындағы қалаларға біржола орнығу, Жетісу мен Ыстықкөл өңірінен қазақтар мен қырғыздарды ығыстыру мақсатында жасалған біріккен моғол және шайбанилықтардың шабуылына қырғыздармен одақтаса тойтарыс беру, сондай-ақ Бұхар хандығының ішкі саяси өміріне пәрменді араласып отыру арқылы Мәуереннахр өңірін өз ықпалында ұстау бағытында жүрді.

XVII ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының көрші елдермен қатынасы өзгерістерге ұшырайды. XVI ғасырдың екінші жартысы Моғолстан үшін құлдырау кезеңі болды. 1605 жылы Бұхарадағы билікке аштархандық әулеттің өкілі Имамқұли келді. Бұл кезде Бұхар хандығы Қазақ хандығы үшін Абдаллах хан кезіндегідей соншалықты қаһарлы емес-ті.

Қазақ қолдарымен арада болған шайқастардан соң 1613 жылы Имамқұли хан қазақ Түрсын сұлтанды Ташкенттің билеушісі ретінде мойындайды. Ал Тұрсын хан Бұхар хандығына тәуелсіздігін көрсету үшін өз теңгесін шығарады.

XVII ғасырдың бас кезі аштархандықтарға қарсы қазақ-қырғыз одағының нығая түсуімен сипатталады. 1621 жылы Шахрух бекінісінің жанында Тұрсын хан бастаған 100 мың қазақ пен қырғыз қолдары 160 мың Имамкұли хан әскерімен кездесіп, жеңіс қазақ-қырғыз жағында болады.

Есім хан билігі тұсында шығыста жоңғар қалмақтарының ықпалы артып, қазақ жеріне қауіп төндіре бастайды. Бұл жағдайды ескере отырып, Есім хан қырғыз елімен арадағы одақты нығайта түсіп, Моғолстан билеушісі Абд-ар-Рахим ханмен достық қатынаста болады.

Соның нәтижесінде, Есім хан 1620 жылы ойраттарға ойсырата соққы береді. Жорықта жүрген Есім ханның жоқтығын пайдаланған Тұрсын хан Түркістанға шабуыл жасап, Есім ханның отбасын тұтқынға алады. 1628 жылы Ташкенттің түбінде болған қанды шайқаста Тұрсын хан жеңіліп, Тұрсынның өзі осы ұрыста қаза тауып, оған қараған елдің біразы қазақ, қалғаны қырғыз арасына шашырап кетеді.

Осы мезгілде ойраттарға қарсы Қазақ-қырғыз одағының нығаюына, сондай-ақ ел арасы бірлігі ісінде көп жұмыс тындырған қырғыз Көкім би Қарашораұлының құрметіне Есім хан Ташкентте "Көкімнің көк күмбезін" салдырады.

Есім хан 1628 жылдың күзінде өмірден қайтып, Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи күмбезі жанына жерленеді.

Жоңғар хандығы және Жәңгір хан

Есім ханның көзі тірісінде-ақ жоңғар қалмақтарымен күресте оның ұлы Жәңгір сұлтан көзге түсе бастайды, ал оның хандық қызметі (1628—1652 жылдары) қалмақтардың басқыншылық саясатына қарсы тынымсыз арпалысты күрес жағдайында өтті.

Қалмақтармен болған жекпе-жекте Жәңгірді жеңетін қалмақта батыр болған емес. Сол үшін де оны халық Салқам Жәңгір атандырады.

Сәл үзілістермен бүкіл XVII ғасыр бойы жәнө XVIII ғасырдың алғашқы жартысында жүрген қанды жоңғар-казақ соғысына Жетісудағы, Шығыс және Орталық Қазақстандағы шұрайлы жайылымдар үшін талас негіз болды. Қалмақ тайпалары сондай-ақ Сырдың орта ағысы арқылы өтетін сауда жолдары мен егіншілік орталықтарын билеуден үміттенді. Шығысынан қуатты Қытай мемлекеті тықсырған ойраттар онымен салыстырғанда әлсіздеу, батысындағы Қазақ хандығынан қоныс тартып алу жолына түсті. Басқаша айтқанда, Қазақ мемлекеттігінің ендігі уақытта болу не болмау мәселесі таразыға түсті.

Жәңгір ханның үлкен саясаткерлігінің, қолбасшы-батырлығының арқасында Қазақ мемлекеті сақталып қалды. Жоңғар хандығының қуатын бағалай білген Жәңгір хан Бұхара Хиуа және Монғол хандықтарымен белсенді дипломатиялық қатынасқа көшеді. Оның әсіресе 1612 жылдан бастап Самарқанның әмірі Жалаңтөс батырмен достық қатынасы қалмақтармен күресте өз нәтижесін береді.

1643 жылы жаңа жоңғар-қазақ соғысы басталып кетті. 50 мың әскермен басып кірген Батур қонтайшы қырғыз Алатауының біраз жерін, Шу өзенінің жоғарғы оң сағасын, сондағы елдерді жаулап алады.

Жәңгір хан Жалаңтөс әмірді, тяньшаньдық қырғыздарды жәрдемге шақырады. Өзі 600 адамдық қолмен Жоңғар Алатауының тар жылғасында қонтайшының әскерін қарсы алады. Аз қолмен үлкен әскерге бетпе-бет келудің мүмкін еместігін түсінген Жәңгір хан айлаға көшеді. Tap жылғада бірнеше ор қаздырып, оларды бекініс етіп, мылтығымен үш жүз жауынгерді орналастырып, қалған үш жүзден бекіністерді алмақ болған Батур қонтайшының сыртынан кенеттен шабуыл жасайды. Алды-артынан жауған оқтан, екі жақ беттен төмен қарай құлаған тастан мыңдаған жоңғар жауынгерлері қаза болады.

Бірақ шайқас мұнымен аяқталмайды. Қонтайшы өзінің басымдығын енді сезіне бастаған сәтте 20 мың қолымен Жалаңтөс батыр, Көтен жөне Табай батырлар бастаған қырғыз жасақтары келіп жетеді. Ендігі шешуші шайқас жазықта өтеді. Жеңіс толығымен Жәңгір жақта болады. Он мыңға жуық әскерінен айырылған Батур қонтайшы үлкен шығынмен еліне қайтады.

1646 жылы қонтайшы қазақтардан кек алу үшін қайтадан атқа қонады. Бұл жолы ол үстем түсіп, Жәңгір сұлтанның інісін бала-шағасымен және басқа біраз адамдарды тұтқынға алып, кейін оралады.

Қазақ пен қырғыздарға қарсы келесі 1651—1652 жылдары жорыққа ойраттар үлкен даярлық жасап, Ресейдің жақын аудандарынан сауыт-сайман, оқ-дәрі, қару жасауға қажет темір сатып алады. Бұл жолғы соғыс қазақ пен қырғыздарға өте ауыр тиеді. Қанды бір шайқаста қазақ мемлекетінің басшысы ретінде кемел саясатымен және туған елін қолына қару алып қорғауда ерен ерлігімен бүкіл Орталық Азия елдері арасында кең танымал болған Жәңгір хан майдан даласында мерт болады.

... Читать дальше »

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 313 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (0)

Мазмұны

 

    1 Қасым ханның билігі

    2 Қазақ хандығы XVI ғасырдың 20—40-жылдарындағы аласапыран тұсында

    3 Хақназар хан билігі

    4 Тәуекел сұлтан

    5 Есім хан

    6 Жоңғар хандығы және Жәңгір хан

    7 Тәуке хан заманы

    8 Қазақ хандағының хандары

        8.1 Ұлы жүз билеушілері

        8.2 Орта жүз билеушілері

        8.3 Кіші жүз билеушілері

            8.3.1 Ресей Империясы тағайындаған хандар

            8.3.2 Халық таңдаған билеушілер (Маңғыстау өңірі)

            8.3.3 Бөкей Ордасы билеушілері.

        8.4 Пайдаланылған әдебиет

 

Қасым ханның билігі

XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының өрлеуін тарихшылар Қасым хан есімімен байланыстырады. Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке кол жеткізе алған жоқ, — деп көрсетеді Мұхаммед Хайдар Дулати.

Халық "Кіші Жәнібек" атаған ханның (Қадырғали би Қосымұлы) ұлы Қасым хан (1511—1518/1523 жылдары) елді басқаруда қазақ жұрты арасында орныққан іргелі ата салт-дәстүрді, жол-жобаны берік ұстанды. Оның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң белгілі бір жүйеге түсірген Қасым ханның қасқа жолы атты қалың бұқара мойындаған заңдар жинағы өмірге келді. Ханның мемлекеттікті нығайтуға бағытталған бұл шаралары түрлі әлеуметтік топтардың қолдауын тапты, халықтың күнделікті тіршілігіне тұрақтылық берді. Өз ретінде ішкі тұрақтылық мал басының өсуіне, қолөнер және егіншілік аудандары мен көшпелі мал шаруашылығындағы елдің арасында табиғи өнім алмасуы мен саудаға жол ашты.

Қазақ хандығының нығаюына алып келген Қасым ханның бұл шаралары көрші елдер арасында да кеңінен мәлім болды. Моғол хандары Қазақ хандығымен тату болуға ұмтылды. Жоңғарлар Қасым хан тұсында қазақ жеріне жорыққа аттануға жүрексінді. Батыстағы Ноғай ордасының біраз бөлігі ел ішіндегі берекесіздіктен қашып, Қазақ хандығына келіп паналады.

XVI ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан өз билігін кең-байтақ қазақ даласының басым бөлігіне орнатты. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағасына жетіп, Түркістан аймағындағы қалалардың біразын қамтыды, оңтүстік-шығыста Жетісудың тау етектері мен жазықтары, солтүстік және солтүстік-шығыста Ұлытау және Балқаш көлі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне жетіп, солтүстік-батыста Жайық өзенінің аңғарына дейін созылды. Міне, осы аумақ көлемінде тұтас бір халыққа үю және мемлекетке бірігу қарқынды жүрді, мемлекет

    халқы 1 млн-нан асып,

    атты әскері 300 мыңға дейін жетті.

Қасым хан тұсында Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде халықаралық қатынасқа араласа бастайды. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған — Мәскеу мемлекеті. Қарқынды даму жолына түскен Қазақ елі туралы мәлімет Батыс Еуропаға да жетті, Мәскеуде бірнеше мәрте болған (1517 және 1526 жылдары) австралиялық дипломат Сигизмунд Герберштейн өз жазбаларында қазақтар жөнінде мәлімет берді.

Қасым ханның қызметі мен өлімі жөнінде Қадырғали би: Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ол Жаған бикеден туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты... Ақыры Сарайшықта өлім тапты... Читать дальше »

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 363 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (0)

1941 — 45 жж.

2-дүниежүз. соғыс жылдары (1941—45) республика алдына айрықша қиын, кезек күттiрмейтiн және бiр-бiрiмен байланысты мiндеттер қойылды. Бұл КСРО-ның батыс аудандарынан көшiрiлген өнеркәсiп орындарын қабылдау, оларды тиiстi жерлерге тездетiп орналастыру, өнiм өндiрудi кiдiрiссiз жолға қою болатын. Экономиканы түгелдей соғыс жағдайына бейiмдеу, өндiрiс қуаттарын үнемi арттыру, майданды барлық керектi заттармен қамтамасыз ету қажет болды. Республика бұл мәселелердi ойдағыдай шештi. 1941 жылдың 4-тоқсанында және 1942 жылдың басында Орта Азия мен Қазақстанға көшiрiлген 250 кәсiпорынның жартысынан астамы (142) Қазақстанға орналастырылды. Көшiрiлген және жаңадан салынған з-ттар мен ф-каларды iске қосу нәтижесiнде жұмыс iстеп тұрған негiзгi қорлардың өндiрiстiк қуаты бiршама артты. Жаңа өнеркәсiп салалары пайда болды, олар: қара металлургия, мұнай өндiру, а.ш машиналарын жасау, станок жасау, кен және шахта жабдықтарын өндiру, сығымдағыш-автомат шығару, шағын литражды моторлар, прокат, құбырлар, сымдар, жасанды талшық жасау, т.б. Мата, жүн иiру, тоқыма заттар, шұлық, метиз-фурнитура, айна, кондитер, жемiс-консервi, темекi және шай өлшейтiн өндiрiстер жұмыс iстедi. Соғыс жылдарында Ақтөбе ферроқорытпа з-ты, Қазақ металлургия з-ты, Текелi полиметалл комб., Қарағанды көмiр шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi, Гурьев (қазiргi Атырау) мұнай айыру з-ты, кен байыту ф-калары, кенiштер, Қаратау кен-химия комб., электр ст-лары, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi орындары, жүздеген км т. ж. желiлерi iске қосылды. Түстi металлургия өнiмдерiнiң маңызы артты, мыс өнiмдерiн өндiру 1,5 есе өстi. Қазақстан ел қорғанысына аса қажеттi қорғасын беретiн негiзгi базаға айналды. Қысқа мерзiм iшiнде мыс пен қорғасын қақтамаларын өндiру игерiлдi. Балқаш жұмысшылары мыс өндiрудi 10 есе, молибдендi 20 есе, түстi металл қақтамасын 2 есе арттырды. Ақтөбе ферроқорытпа з-ты мен Жездi марганец кенiшi ел қара металлургиясының қажеттерiн едәуiр дәрежеде қанағаттандырып отырды. Қазақ металлургия з-ты 1944 ж. желтоқсанда тұңғыш рет болат бердi. Республика майдан мен тылды көмiрмен, мұнаймен, түстi және қара металдармен жабдықтау жөнiндегi жетекшi базалардың бiрiне айналды. Елдi көмiрмен жабдықтайтын кен орнының бiрi ретiнде Қарағанды көмiр алабын дамытуға баса назар аударылды. Соғыс кезiнде Қарағанды кеншiлерi 34 млн. т-дан астам көмiр өндiрдi, Оңт. Оралға берiлетiн кокстелетiн көмiр көл. 90% өстi. Қазақстанның мұнай өндiрiсi бүкiл соғыс жылдары майданды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз еттi. Гурьев мұнай айыру з-ты iске қосылуына байланысты әскери техника жоғары октанды бензинмен және сапалы жағар маймен қамтамасыз етiле бастады. Қазақстанның отын және металлургия өнеркәсiптерi жоғары қарқынмен дамыды. Соғыс жылдарында Қаратау кен-химия з-ты (1944), Қарағанды синтет. каучук з-ты (1943), Қостанай жасанды талшық з-ты, Гурьев (Атырау) мұнай айыру з-ты (1945) салынды. Алматы ауыр машина жасау з-ты, Шымкент пресс-автоматтар з-ты, Целиноград (Астана) "Қазақ ауыл шаруашылық машинасы”, Орал арматура з-ттары жалпы одақтық маңызға ие болды. Армияны киiм-кешекпен және соғыс жабдықтарымен, ал халықты күнделiктi тұтыну заттарымен жабдықтаған жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң маңызы ерекше. Маман жұмысшылар мен қызметкерлердiң соғысқа кетуiне байланысты кәсiпорындарды жұмыс күшiмен қамтамасыз ету қиындай түстi. Әйелдердi, жас жеткiншектердi, қарт кiсiлердi жұмысқа тартуға тура келдi. Қазақстанда соғыс жылдары 102 мың жас жұмысшы тәрбиелендi. 1945 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнде iстейтiндердiң саны 255,4 мың адамға жеттi. Соғыстың алғашқы жылында қорғаныс қорына республика халқынан түскен ақша мөлш. 700 млн. сомнан асты. Соғыс кезiндегi қиындықтарға қарамастан 1945 ж. мұнай өндiру 1940 жылмен салыстырғанда 1,3 есе, көмiр — 1,7, электр энергиясын өндiру 1,8 есе артты. Соғыс жылдарында республикада а. ш. салалары тез дамыды. 1942—43 ж. а. ш. дақылдарының егiс көл. 1 млн. га-дан астам ұлғайды. Қазақстан ауылдары мен деревнялары зор жiгермен еңбек еттi. Республика шаруашылықтары мемлекетке 5839 мың т астық, оның iшiнде 3568 мың т бидай, 241 мың т картоп, 174 мың т көкөнiс, 1389 мың т қант қызылшасы, 323 мың т мақта, 738 мың т мал мен құс етiн, 1146 мың т сүт, 64 мың т жүн өткiздi.

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 161 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (2)



Жүздiң аумақтары XX ғасыр басында. Ұлы Жүз (қызғылт түсі), Орта жүз (сарғылт), Кіші жүз (жасыл)


Ұлы Жүз тайпалары (Ақарыс)


1. Қаңлы — ұраны Бәйтерек, таңбасы шылбыр, көсеу.

2. Қатаған — ұраны Айрылмас, таңбасы қолтаңба.
3. Жалайыр — ұраны Қабылан, таңбасы тарақ.
4. Сіргелі — ұраны Байтоқ, таңбасы сірге.
5. Шақшам — ұраны Қабылан, таңбасы жебе.
6. Сарыүйсін — ұраны Байтақ, таңбасы Абақ, ашамай.
7. Шапырашты — ұраны Қарасай, таңбасы ай, тұмар.
8. Ысты — ұраны Жауатар, таңбасы көсеу, шылбыр.
9. Ошақты — ұраны Бақтияр, таңбасы тұмар.
10. Албан — ұраны Райымбек, таңбасы абақ.
11. Суан — ұраны Байсуан, таңбасы дөңгелек.
12. Дулат — ұраны Бақтияр, таңбасы дөңгелек.

Ұлы Жүз
— қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі.


Орта жүз тайпалары (Жанарыс)


1. Арғын — ұраны Ақжол, таңбасы көз.

2. Қыпшақ — ұраны Ойбас, таңбасы қос жіп
3. Найман — ұраны Жалғабай, таңбасы бақан, босаға, шөміш.
4. Қоңырат — ұраны Алатау, Мүлкаман таңбасы босаға.
5. Керей — ұраны Ошыбай, таңбасы ашамай.
6. Уақ — ұраны Жаубасар, таңбасы бақан, ашамай.

Орта жүз
– қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі. Орталық және солтүстік шығыс Қазақстанды мекендеген қазақ тайпаларының одағы болған.

(Бекарыс) Кіші жүз тайпалары:

Бұлар үш атадан тұрады:
1.Әлімұлы 2.Байұлы 3.Жетіру

Әлімұлының таралуы:

1. Кете – ұраны Майлыбай
2. Қаракесек – ұраны Бақтыбай, айыртау
3. Шөмекей – ұраны Дөйт
4. Қарасақал – ұраны Бақтыбай
5. Төртқара – ұраны Майлыбай
6. Шекті – ұраны Дөйт

Байұлының таралуы:


1. Шеркеш – ұраны Шағырай, таңбасы бақан

2. Ысық – ұраны Бәйтерек
3. Масқар – ұраны Қаратай
4. Алтыбас – ұраны Байбарақ, таңбасы бақан
5. Тана – ұраны Тана, таңбасы әліп, көсеу
6. Байбақты – ұраны Дәуқара
7. Қызылқұрт – ұраны Жиенбай
8. Таз – ұраны Төремұрат, Бақай, таңбасы қамшы
9. Беріш – ұраны Ағатай
10. Адай – ұраны Бекет, таңбасы садақ
11. Есентемір – ұраны Алдоңғар, таңбасы бақан
12. Жаппас – ұраны Баймұрат, таңбасы түйемойын
13. Алтын – ұраны Баймұрат

Жетірудың таралуы:


1. Төлеу – Арғымақ, таңбасы балға, шылбыр

2. Рамадан – Дулат, Қайғұлым таңбасы Шөміш
3. Тама – Қарабура, таңбасы көсеу, әліп, тарақ
4. Кердері – Қожахмет, таңбасы тостаған
5. Керейіт – Ақсақал, таңбасы шылбыр, қылыш
6. Табын – Тостаған, таңбасы тарақ, көсеу, шөміш
7. Жағалбайлы – Малатау, таңбасы балға

Кіші жүз
– Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді.

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 465 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (0)

1. Қазақстан тарихы пәні және курстың мақсаттары. Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу (периодизация).

2. Қазақстан жеріндегі тас дәуірі. Ежелгі Қазақстан дәуірінің шаруашылығы, әлеуметтік ұйымы.

3. Қола дәуіріндегі Қазақстан кезеңнің ерекшеліктері шаруашылығы, әлеуметтік ұйымы.

4. Қола дәуірі тайпаларының мәдениеті, діңі мен өнері.

5. Скиф-сақ дәуіріндегі Қазақстан кезеңнің ерекшеліктері шаруашылығы, әлеуметтік ұйымы.

6. Скиф-сақ дәуірі тайпаларының мәдениеті және этникалық тарихы.

7. Қаңлы, үйсін тайпаларының қоныстануы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы.

8. Ғұндардың мемлекеті, қоғамдық құрылысы, этносаяси тарихы.

9. «Халықтардың ұлы қоныс аудары» және оның дүниежүзілік тарихтағы ролі.

10. Ғұндардың , үйсіндер мен қаңлылардың мәдениеті.

11. Алғашқы Түрік және Батыс Түрік қағанаты: территориясы, қоғамдық құрылымы, шаруашылығы.

12. Түркеш, қарлұқ қағанаттары, қоғамдық құрылысы.

13. Ерте Түрік мемлекеттерінің Шығыс және Батыс елдермен саяси қатынастары. 751 ж. Талас шайқасы және оның тарихы маңызы.

14. Қимақтардың орналасуы, этносаяси тарихы, қоғамдық құрылымы.

15. Қазақстан аумағындағы оғыздар.

16. Карахан мемлекетінің құрылуы. Көрші елдерімен қарым-қатынастары, саяси құрылысы, өкімет ұйымы.

17. Карахандықтардың шаруашылығы, жер иелену түрлері. Иқта.

18. Наймандар, керейлер, жалайырлардың қоңыстануы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.

19. Қара Қытайлар жетісуда. Езгінің күшеюі және феодалдық қырқыстар.

20. Қыпшақ хандығының құрылуы.

21. Орта ғасырлар тарихындағы қыпшақтардың этносаяси тарихы.

22. Орта ғасырлар кезеңнің актропологиясы.

23. VI-IX ғ. 1-ші жартысындағы материалдық мәдениет. Қала мен дала.

24. VI-IX ғ. 1-ші жартысындағы рухани мәдениет. Тіл, жазу, әдебиет. Наным-сенімдер және дін.

25. ІХ ғ. 2-ші жартысындағы ХІІІ ғ. басындағы материалдық мәдениет. Қалалар құрылымындағы өзгеріс.

26. ІХ ғ. 2-ші жартысындағы ХІІІ ғ. басындағы рухани мәдениет. Дін және мәдениет, исламның таралуы.

27. Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы. Оның Қазақстандағы сілемі, сауда және товар алмасу. Мәдениеттердің өзара әсері.

28. Шыңғыс хан мемлекетінің құрылуы. Қазақстан аумағын моңғолдардың жаулап алды. Ұлыстардың құрылуы.

29. Алтын Орда, қоғамдық, саяси құрылысы.

30. Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауы.

31. Алтын Орда дәуірінің мәдениеті. Қала құрылысы, отыршылдық пен көшпелілік. Исламның дамуы , әдебиет.

32. ХІV-XV ғ. басындағы Ақ Орда мемлекеті.

33. Темір әскерінің Ақ Орда мен Моғолстан территориясына шапқыншылығы.

34. Моғолстанның құрылуы, территориясы мен халқы, әлеуметтік – экономикалық, саяси дамуы.

35. Әбілқайыр мен Ноғай Ордасының пайда болуы. Этносаяси тарихы.

36. Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының мемлекеттік- әкімшілік құрылымы.

37. ХІV-XV ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті.

38. Қазақстан территориясындағы этногенез және этникалық процестер.

39. Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек.

40. Алғашқы билеушілерінің тұсындағы қазақ мемлекетінің нығаюы. Бұрындық хан.

41. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты.

42. Қазақ халқының құрылуының аяқталуы. Қазақ этнонимі. Жүздер аумағы және оның тайпалық құрамы.

43. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы (1538-1580 жж.) және Тәуекел (1586-1598 жж.).

44. Есім хан тұсындағы қазақ хандығы (1598-1628 жж.). Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты.

45. Жоңғар хандығы. Жәңгір хан (1628-1652 жж.) сыртқы саясаты. Орбұлақ шайқасы (1643 ж.).

46. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы (1680-1718 жж.). Хандықтың ішкі және сыртқы саясаты саяси жағдайы. «Жеті жарғы».

47. XV- XVІІІ ғ. қазақ хандығының қоғамдық құрылымы. Саяси - әкімшілік құрылымы, әлеуметтік құрылымы, міндеткерліктер.

48. XV- XVІІІ ғ. қазақ мәдениеті. Тіл, жазу, ауыз әдебиет, материалдық мәдениет.

49. XVІІ- XVІІІ ғ. бас кезіндегі қазақ-жоңғар қатынастары.

50. Жоңғар мемлекетінің күшеюі және қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. Алапат ауыр жылдар. Ақтабан шубырынды, Алқакөл сұлама.

51. Жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халықтарының азаттық күресі. Ұлт-азаттық соғыс барасындағы батырлар.

52. XVІ- XVІІ ғ. қазақ қоғамының феодалдық қатынастардың ерекшеліктері.

53. XVІІ- XVІІІ ғ. қазақ –орыс қатынастары.

54. XVІІІ ғ. 1-ші жартысындағы тарихи жағдайлар. Кіші және Орта жүз қазақтарының Россия билігін қабылдау.

55. Қазақстанның Россияға қосылуының бастапқы кезеңіндегі патша өкіметінің Қазақстандағы саясаты. Әскери бекіністердің салынуы.

56. Нуралы хан билік еткен жылдардағы Кіші жүздегі саяси жағдай (1743-1786 жж.).

57. Қазақтардың Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

58. Сырым Датов бастаған ұлт-азаттық қозғалысы. Себебі, барысы, ерекшелігі, қорытындысы.

59. XVІІІ ғ. ортасындағы Жоңғар мемлекетінің дағдырысы. Абылай ханның күшеюі.

60. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты (1771-1781 жж.).

61. Абылай- мемлекет қайраткері және саясатшы.

62. XVІІІ ғ. 2-ші жартысындағы қазақ –қытай қатынаст... Читать дальше »

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 810 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (2)

I Блок.

1 Тақырып. Кіріспе. Қазақстанның ежелгі тарихы.

Семинар жоспары:

1. Қазақстан тарихын ғылыми кезендерге бөлу негіздері.

2. Ежелгі тас ғасыры дәуіріндегі Қазақстан.

3. Жаңа тас ғасырындағы Қазақстан.

4. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылықтары қоғамдық қатынастары және мәдениеті.

2 Тақырып. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір.

Семинар жоспары:

1. Сақтар.Сақтардың орналасуы.

2. Сақтардың шаруашылығы, тұрмысы мен қоғамдық құрылысы.

3. Үйсіндер.Үйсіндердің орналасқан жері.

4. Үйсіндердің шаруашылығы.Тұрмысы.

5. Қаңлылар.Қаңлылардың орналасуы.

6. Қаңлылардың саяси тарихы, шаруашылығы.

7. Ғұн державасы, олардың тегі туралы мәселе.

II Блок.

3 Тақырып. Қазақстан территориясындағы ертедегі және дамыған ортағасырлықмемлекеттер.

Семинар жоспары :

1. Оғыз мемлекеті. Этникалық және тайпалық құрамы.

2. Қарлұқтар, мемлекеттің құрылуы, сыртқы саясаты.

3. Қарлұқтардың, оғыздардың, кимектердің шаруашылығы.

4. Кимек қағанаты және оның құрылуы.

5. Түркі дәуіріндегі феодалдық мемлекеттердің мәдениетті.

6. Арабтар Орта Азия және Оңтүстік Қазақстанда.

4 Тақырып. Қазақстан моңғол жаулаушылығы дәуірінде (XIII ғ). Алтын орда (1243-XV ғ. ортасы).

Семинар жоспары:

1. Шыңғыс хан империясының қоғамдық, саяси және әскери құрылымы.

2. Алтын Орданың саяси және мемлекеттіқ құрылысы.

3. Алтын Орда дәуіріндегі қазақтардың мәдениетті.

4. Алтын Орданың ыдырауы дәуіріндегі қалыптасқан мемлекеттер.

5 Тақырып. XV ғасыр - XІII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы.

Семинар жоспары:

1. Қазақ халқы құрылуының тарихи алғы шарттары. Қазақ жүздері. Қазақ халқының құрылуы.

2. XVI ғасырдың аяғындағы хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайы.

3. Қазақ хандығының XVII ғасырдың бірінші жартысындағы саяси жағдайы. Қазақ-жөнғар қатынастры. Жоңғар мемлекетінің құрылуы.

4. XVI-XV ғасырлардығы Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті.

5. Қазақстандағы XVI-XVII ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

6. Қазақ халқының XVI-XVII ғасырлардағы мәдениетінің дамуы:

а) материалдық мәдениет.

ә) рухани мәдениет.

III Блок.

6 Тақырып. XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан.

Семинар жоспары:

1. XVIIІ-ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақстанның ішкі саяси жағдайы.

2. XVII- ғ аяғы XVIIІ- ғасырдың басындағы қазақ жоңғар қатынастары, шиеленісуі.

3. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.

4. Россиямен өзара қатынастар (XVII ғ. аяғы-XVIII ғ. басы).

7 Тақырып. Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы.

Семинар жоспары:

1. Қазақстандағы әскери – отаршылдық әрекеттерінің басталуы. Әскери бекіністер мен шептердің салынуы.

2. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Россия бодандығын қабылдауы.

3. XVIII ғ. 2 – ші жартысындағы қазақ қоғамы:

1) Қазақтардың шаруашылығы

2) сыртқы сауда

3) әлеуметтік жіктелу.

4. Нұралы хан билік еткен жылдардағы Кіші жүздегі саяси жағдай (1743 – 1786 жж.).

5. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс.

6. Бөкей хандығының құрылуы. Жәңгірхан (1823 – 1845 жж.).

8 Тақырып. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық, саяси дамуы.

Семинар жоспары:

1. Қазақтардың ХVIII-ХІХ ғасырлардағы материалдық мәдениеті.

2. ХVIII-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті.

3. Мұсылмандық және орысша білім беру.

4. Орыс историографиясындағы Қазақстан. А.И. Левшин – қазақ тарихының Геродоты.

5. Тұрмыс-салт мәдениетінің дәстүрлері.

6. Музыка өнері. Жыраулар, айтыскерлер, сазгерлер.

9 Тақырып. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы.

Семинар жоспары:

1. ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы оқу-ағарту ісі.

2. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ.басындағы Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформалық бағыттар.

3. ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақ әдебиеті. Ақындар мен композиторлар.

4. Өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметі.

5. ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы баспасөз.

... Читать дальше »

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 428 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (0)

1. 1991 жылғы тамыз төнкерісі.

1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.

Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачёвті жақтаушылар бұл құжатта қарама -қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.

Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жана шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, аппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, мемлекеттің (КСРО) ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.

1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачовтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Анаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдаме жасады.

Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примъер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның замы О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.

КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет-мемлекеттік төнкіріс. Қырымда дем алып жатқан КСРО Президенті М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды.

ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртурлі болды.

Қырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.

Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Москвадағы тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.

1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.

1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады. Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жанінде», «Семей ядыролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.

Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.

1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.

Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.

Сойтіп, саяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.

2. КСРО-ның ыдырауы. Қазақстаның тэуелсіздік алуы. ТМД-ның қурылуы.

Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (ТМД) қурылуы.

1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.

Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

Президентті бүкілхалықтық сайлау.

Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.

Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.

Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.

КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. ... Читать дальше »

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 373 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (0)

1. Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі өзгерістер.

1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.

Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды.

2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады.

1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.

1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды.

Қазақстандағы компартиялық жүйе.

Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлайуы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты.

1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.

1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанның өрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды.

1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.

1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төарғасы – Т. Терещенко. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды.

1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны –15.

Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тередеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.

Ұлттық-демографилық процестер.

1991 жылдан кейін Қазақстанда тұрғындардың саны күрт төмендей бастады. Бұл жағдай эмиграциялық қарқынның жоғары болуымен байланысты болды. Мысалы, 1992 жылы Қазақстандықтардың саны –16 млн. 985 мың адам болса, 1993 жылы – 16 млн. 942 мың, ал 1995 жылы – 16 млн. 590 мың адам болды. 1999 жылғы халық санағы Қазақстан тұрғындарының саны азайып, 15 млн.-ға жетер-жетпес адам қалғанын көрсетті. 1995 жылдың тек 9 айдың ішінде республикадан басқа жаққа 198,6 мың адам көшіп кетті. Табиғи өсім азайып, тұрғындардың арасында өлім өсіп кетті. Дегенмен де, 1991-1997 жылдар аралығында Қазақстанға шетелден 164 мыңдай адам көшіп келді.

Белгілі дәрежеде республиканың ұлттық құрамы өзгеріп, кейбір облыстар негізінен қазақтар тұратын өлкеге айналды. Мысалы, Қызылорда облысында қазақтар - 93%-ы, Атырауда - 88%-ы, Маңғыстауда - 74%-ы, Ақтөбеде - 69%-ы, Оңтүстік Қазақстанда және Батыс Қазақстанда - 66%-ы қазақтар болды.

Осы жылдары ауыл тұрғындарының қалаға кету үрдісі (урбанизация) күшейді. 1995 жылдары халықтың 56%-ы қалаларда тұрды, ал қазіргі кезде бұл үрдіс бұрынығыдан да өсуде. Тұтастай алғанда, қоғамда болып жатқан өзгерістер (процестер) өтпелі кезеңге тән процестер деп қарауға болад.

2. Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы.

Мәдени процестер. 1991 жылдан кейін оқу жүйесі белгілі мөлшерде дағдарысқа ұшырады. 1993 жылдың басында (1 қаңтар) Қазақстанда 154 мыңдық орны бар 303 бала бақшасы жабылды, орта мектептер саны азайды. Екінші жағынан мемлекеттік емес мекемелерінің, мектептер және жоғары оқу орындарының пайда болу процесі басталды.

1989 жылғы Тіл туралы Заңның және Конституция негізінде ұлттық білімнің жандануына мүмкіндік туды.

Елісміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 ұлттық мәдени орталықтар мен Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы жұмыстар атқаруда.

1997 жылы Қазақстанда 53 мемлекеттік, 40-тан астам коммерциялық жоғары оқу орындары болған болса, 2000 жылдың басында 51 мемлекеттік, 100-ден астам коммерциялық жоғары оқу орындар болды.

Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқу бөлімдері ашылды. Соңғы жылдары 300-ден астам жалпы орта білім беретін қазақ мектептері ашылып, олардың саны– 3,3 мыңға жетті. Республикада 17 ұлт тілінде жүздеген мектеп бар. 12 тілде газеттер мен журналдар шығып тұрады, 11 және 6 тілде хабар жүргізетін теле-радио қызмет етеді.

1999 жылғы 11 маусымда – Қазақстан Республикасының "Білім туралы” Заңы жарияланды. 2006 жылдың басында республика бойынша 252.800 ұстаз еңбек етуде.

Қазақстан тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халаралық байланысы кеңейді. Білімді мамандарды көбейту мақсатында жастарды шетелдердің беделді оқу орындарына жіберу өзекті сипат ала бастады. 1993 жылғы 5 қарашада Президенттің "Болашақ” атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді.

Қазақстан халықтарының мәдениетін бүкіл әлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО ауқымында Қазақстан Республикасының мерекелері аталып өтуде.

1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.

1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі.

Республиканың барлық облыстарына 24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимара... Читать дальше »

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 432 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (3)

1. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).

Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.

II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .

Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.

1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.

Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.

Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.

Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.

Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.

Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.

1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.

Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.

1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.

Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды:
-Төлқұжаттары болмады.
-Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.

Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.

Халықтың әлеуметтік жағдайы .

Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.

Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары:
1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.
2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.
3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.
4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.
5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.
6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.

Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.

2. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).

... Читать дальше »

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 283 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (0)

1. Соғыстың басталуы, оның сипаты.

Соғыстың басталуы.

Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.

Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.

1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.

«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.

Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.

Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.

Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.

Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).

Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.

Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.

Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.

Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.

Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.

Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.

Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.

Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.

Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды.

Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.

1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі – кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.

1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.

Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:

Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б.

1944 – 1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:

Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы, Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 – 1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - ке өсті.

Ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді.

Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-ң орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер бо... Читать дальше »

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 192 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (0)

1. Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында.

Жаңа экономикалық саясатқа көшу.

Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді.

Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.

Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.

XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері:
- Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты);
- 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық;
- Мал шаруашылығының ауыр жағдайы;
- Егін алқаптарының күрт азаюы.

Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті.

1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.

Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
- Азық – түлік салығының енгізілуі.
- Сауда еркіндігі.
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.

Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды.

Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.

Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.

1921 – 1922 жылдардағы ашаршылық.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 1921 жылғы қарашада 1 млн. 508 мың адам ашыққан болса, 1922 жылы наурызда олардың саны 2 млн. 303200 адамға жетті. Маусым айына қарай Семей және Ақмола губернияларының шаруаларынан азық – түлік салығы бойынша 4 млн. пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды. Бұл жинап алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары – Москваға, Петроградқа, Самараға, Казаньға, Саратовқа жіберілді. Соның нәтижесінде «аман–сау» аудандардың халқы ашыға бастады.

Кеңес үкіметі Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу шараларын бірсыпыра кешігіп қолданды. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің декретімен республиканың егін шықпаған аудандардың халқы азық – түлік салығынан босатылды. 1922 жылғы егіс көлемінің 80 % жуығына Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1921 жылы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды.

1922 жылы 4 тамызда Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақ АКСР – іне ауылшаруашылық машиналар мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом бөлінді. Нақ сол жылы Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпауынан зардап шеккен шаруалардың мал сатып алуы үшін 21131 мың сом бөлді. 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18,5 мың баланы РКФСР – ге әкетті.

Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.

Осындай ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В. И. Лениннің үндеуіне («Сіздерде Арал теңізінде балықтың аулануы жаман емес... Өздеріңіз аулаған балықтың бір бөлігін аштықтан ісінген қарттар мен қарияларға бөліңіздер». Ленин В. И. Шығ. толық жинаған 53- 247 бет) байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон балық жіберді.

1921 – 1922 жылдардағы аштықтың салдары:
1) Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 – ке дейін азайды.
2) 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

Жер – су реформасы.

Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.

Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.

Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).

Оның міндеттері :
1) Еңбек артельдерін құру.
2) Кедейлерге жер беру.
3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:

1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.

... Читать дальше »

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 183 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (1)

 1.Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

Петроградтағы Қазан төңкерісі.

1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.

Оның себептері:
1) Монархияның ауыр мұрасы
2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.
3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.

Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.

1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды.

Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.

Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.

Қазақстандағы ұлттық үкіметтер.

1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.

1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз – қарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді.

1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.)

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.

Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Қеңесі құрылды. Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.

Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

«Алаш» партиясының бағдарламасы:

- Басқару түрі;
- Автономия;
- Азаматтың негізгі құқықтары;
- Дін ұстану туралы мәселе;
- Соттар туралы;
- Қорғаныс;
- Салық;
- Жұмысшы мәселесі;
- Халық ағарту;
- Жер мәселесі.


Бағдарлама жобасының маңызы:
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.
Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы.

Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.

2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.

Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.

Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.

Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.

Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті.

1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.

1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.

Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.

Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.

Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.

Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.

Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.

... Читать дальше »

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 1851 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (1)

1. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының 2-ші кезеңі (1837-1870 жж.). Кенесары Қасымұлы басқарған халық соғысы.

Көтерілістің алғышарттары

Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді.

XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қөқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтустігіндеғі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.

1836 жылы Қоқан ханы оңтустікке қөныс аударған Саржан Касымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды.

Орта жуз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстурлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті.

Көтерілістің мақсаты
1. Россияның отарлау саясатына шек қою.
2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау.
3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату.
4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.

Көтерілістің қозғаушы күштері.

Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардың мақсаты:

1. Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу.
2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу.

Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты.

Көтерілістің барысы.

1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды.

1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіулы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз оңөріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады.

1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жөрық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды усынып, бірақ батыр оны қабылдамайды.

Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады.

Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді.

1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді.

1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник Бизановтың төбы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды.

1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақылырып, сотқа берілді.

1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір геренар-губернаторы князь Горчаковқа және I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары:

1. Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою.
2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру.
3. Салық жинауды тоқтату.

Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын.

Кенесарының қөйған екінші талаптары.

Әскери бекіністер салынбаған Актау, Есіл және Нұра – Жайық өзеніне дейінгі өңірді Россия билігінен босату.

1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әрі жүргізу болды.

Патша әкімшілігінің қойған талаптары:
1. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу.
2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға руқсат ету.
3. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Россия империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру.

Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілір талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырда түсті (Ырғыз, Төрғай өзендері бойында салынды).

Кенесарының хандық билігі.

1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық мемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билер мен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес шешіп отырды. Хан Кенесі - кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отыратын Ақсақалдар кеңісіне қарағанда, бұл бір шама ерекшелік еді.

Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері:

1. Билер сотын жойып, хандық сот енгізіді, нәтижесінде Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды.
2. Арнайы қаржы тобын құрды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан.
3. Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады.

Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деу керек.

Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен бірге ол ауыл бойынша ерекша салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сипат ретіндегі сайлықтар алып отыр... Читать дальше »

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 167 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (2)

1. XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Столыпиннің аграрлық реформасы.

Әлеуметтік-жағдай

XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:

Түркістан генерал-губернаторлығы
(Орталығы – Ташкент)
Сырдария облысы
Жетісу облысы

Дала генерал-губернаторлығы
(Орталығы - Омбы)
Ақмола облысы
Семей облысы
Орал облысы
Төрғай облысы

1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.

Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.

Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.

Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).

XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.

Қала халқының көбеюі жолдары:
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі.
2.Жатақтар санының артуы.
3.Ішкі демографиялық өсім.
4.Сауда қатынасының дамуы.

Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.

Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.

1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.

1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.

Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.

Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.

Облыстардағы қазақстардың улесі:
Ақмола облысы – 36,6%
Семей облысы - 73%
Жетісу облысы – 60,5%
Сырдария облысы – 63,3%
Төрғай облысы – 58,7%
Орал облысы – 56,9%



Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.

Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.

XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).

Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.

Темір жол.

1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.

Өндіріс орындары және жұмысшылар.

1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.

XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.

Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.

Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қ... Читать дальше »

Категория: Қазақстан тарихы | Просмотров: 476 | Добавил: MGOKZ | Дата: 18.12.2012 | Комментарии (0)

1 2 »